Педагогикалық жағдаяттар

Абитуриентам

Педагогикалық жағдаят  №1

 

Эльмира  мұқият және  ұзақ  уақыт  тарих  пәніне  дайындалды.  Мұғалім  берген  тапсырманың  бәрін   жаттап  алды, ертең  қалай  жауап  беретінін де  жоспарлап қойды.  Бірақ  келесі  күні мұғалім сабақ  сұрағанда,  ол кенеттен  сасқалақтап   қалды  да, ойдағыдай   жауап  бере  алмады.  Мұғалім басын  шайқап, «үш»  деген  баға  қойды.  Сабақ   аяқталды.  Барлығы  сыныптан   шықты.  Ал  Эльмира  басын төмен  түсіріп  отырып қалды,  көзіне   жас  үйірілді.  Оның   жанына   құрбысы  келіп былай деді:

1. «Неменеге  ренжисің. Өзің  кінәлісің.  Жинақы түрде  байыппен жауап беру керек  еді.  Сенің   орныңда   мен  сабаққа   жақсы  дайындалғанымды  айтып,  тағы да   сұрауын  өтінер едім».

2.  «Неменеге  жылап  отырсың.  Онда  тұрған  не  бар.  Мән бермей-ақ  қой»

3. «Сен  сондай  ұқыпты,  мұқият  дайындалған  сияқтысың. Солай  ма?

4. Мен  білемін, сен  барлығын  жаттаған  болатынсың.  Бәлкім  сасқалақтап,  ұмытып  қалған  шығарсың.

5.  «Жанына  отырып,  оны  құшақтап,  Эльмираның  барлық   айтқандарын  тыңдар  едім».

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят  №2

Сіз  отбасы  туралы   тақырыпта сабақ өтіп жатырсыз  және  ата-аналар  жайлы  әңгіме  қозғауыңыз  керек. Сіздің  сыныбыңызда ата-анасынан айырылған жетім бала оқиды.

  Сіздің  әрекетіңіз?

1. Мен  ештеңе  өзгертпей ,  сабақ  жоспарына  сай  өткізуім  керек.

2. Сабақты  түсіндіремін,  бірақ  балаларға   сұрақ  қоймаймын.

3. Алдымен  сынып  контигенттін  (құрамын) анықтап  алып,  әңгімені  өзгертемін. 

4. Мүлдем  ештеңе  де  айтпаймын. Шығармашылық   жұмыс  ұсынамын.

5. Ата-ана  туралы  әңгімені  айтамын.  Баланы  ащы  шындыққа  дайындаймын.

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят №3

Қоңырау  соғылды.  Сіз  сабақ  бастадыңыз. Он  минуттай  уақыт  өтті.  Сыныпқа  рұқсатсыз,  кешірім  сұрамай  бір  оқушы  келіп  кіріп,  өзінің  партасына  отырды.

Сіздің  әрекетіңіз?

1.                 Жедел  түрде  оны  сыныптан  шығарып   жіберемін.

2. Оның  тәрбиесіз  екенін  бетіне  басып  айтамын.  Оның  дереу  шығып,  рұсат  сұрап  кіруін  талап  етемін.

3. Неліктен  кешіккенін  сұраймын.

4. Сабақты  әрі  қарай  жалғастыра  беремін.

5. Ескерту  жасаймын  да,  ата-анасын  шақыртамын.

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят  №4

Сіз  өз  сыныбыңыздағы  баланың  өзге  сынып  оқушысымен төбелесіп  жатқанын,  басқа  балалардың  айқайлап  тамашалап  тұрғанын  көрдіңіз.

Сіздің  әрекетіңіз?

1. Өз  проблемаларын  өздері  шешсін,  ал  мен  оған  мән  бермеймін.

2. Дауыс көтеріп,  төбелесті  тоқтатуын  талап  етемін.

3. Оларды  ажыратып, директорға  апарамын.

4. Барлық  балаларды  сыныпқа   қуып  тығып,  не  болғанын   сұрастырамын.

5. Кінәлілерден  басқаларын  сыныпқа  кіргізіп  алып,  әрбір  оқушымен бөлек  сөйлесемін  де  төбелестің  себебін  анықтаймын    және  оларды  татуластыруға    әрекет  жасаймын.

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят  №5

Мұғалім  оқушыға  тапсырма  береді,  ол  орындағысы  келмейді:  «Мен  тапсырманы  орындамаймын», - деп ашық айтады.

Сіздің  әрекетіңіз.

1.  «Кел  отырып  талқылайық,  мүмкін  сенікі  дұрыс  шығар».

2. «Онда  сен  несіне  оқуға  келдің?»

3.  «Мүмкін,  неге  орындамайтыныңды  айтарсың?»

4. «Өзіңе  қиын  болады,  ештеңе  білмей  қаласың».

5.  «Сонда  не  істейсің?»

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят  №6

Оқушы  сабақтан  кейін   мұғалімге  келіп,  сабақ  беру   әдіс-тәсілдерінің  ұнамайтындығын,  мұғалімнің  ауысуын  талап   ететіндігін мәлімдейді.

Мұғалімнің  әрекеті қандай болу керек?

1.            Оқушымен  келісіп,   сабақ  беру  тәсілін   өзгертеді.

2.            Оқушы  пікірінің  қажет  еместігін  айтады.

3.            Оқушы  материалын  оқушымен  бірге  талқылап,  оқушыға  нақты  не  ұнамайтындығын анықтайды.

4.            Ата-анасын  мектепке  шақыртады.

5.            Жұмыстан  шығып  кетеді.

6.            Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят  №7

Сіз сынып  жетекшісі  болып  жұмыс  жасайсыз. Сыныптағы  бір  оқушы  тарих  пәні  сабағына   қатысқысы  келмейтінін,  пән  оқытушысымен  қарым-қатынасының  бұзылғанын,  мұғалімнің    мұның  бағасын  үнемі төмендетіп    қоятынын  мәлімдейді.

Сіздің  әрекетіңіз:

1. Оқушыға  оның  қателесетіндігін  айтасыз.  Жақсылап  сабаққа  дайындалып  келуіне,  пән  мұғаліміне тіл  тигізбеуіне   және  тәуір  баға  алатынына  көзін  жеткізесіз.

2. Пән  мұғалімімен  әңгімелесесіз. Себебін  анықтайсыз.

3. Пән  мұғаліміне  тіл  тигізгені  үшін  оқушыға дауыс көтеріп ұрсасыз.

4.  Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 Педагогикалық жағдаят №8

Сіз сынып жетекшісіз. Оқушыларыңыздың бірінің сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кетті. Күнделігінде «екіліктер» көбейген. Жағдайы нашарлап кетті: мұғалімдер оқушыны ұялтады, сабақтан соң алып қалады,  үйде көп өтірік айтып кетті, ауру анасы ұлына сенбейді. Сіздің әрекетіңіз:

1.                 Үлгерімі жоғары оқушыларға қадағалауын тапсырамын.

2.                 Ештеңе істемеймін, мектепте екілік бағамен оқитын оқушылар аз емес.

3.                 Педагогикалық кеңесте келесі жылға қалдыруға ұсыныс жасаймын.

4.                 Оқушының өзімен әңгімелесемін: «Не істейміз? Екеуміз жағдайды дұрыстауға тырысуымыз керек. Анаңа қазір өте қиын. Біз оған жағдайдың дұрысталатынын дәлелдеуіміз керек. Алда әлі 2 апта уақыт бар. Төрт пәннен екілік бағаңды өзгертуің керек. 12 желтоқсанда анаңды шақырып жағдайдың дұрысталып келе жатқанын көрсетеміз».

5.                 Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 Педагогикалық жағдаят №9

Сіз сыныпқа ерте келіп қалдыңыз, кенет екі оқушының (оның бірі сынып старостасы) журналдағы бағаны түзетіп жатқанын байқап қалдыңыз. Осы жағдайда не істер едіңіз?

1.                      «Оларды қатаң жазалаймын».

2.                      «Ол оқушыларды директор орынбасарына немесе директорға ертіп барамын».

3.                      «Журнал еш уақытта қараусыз қалмайды».

4.                      «Қай мұғалімнің журналды сеніп тапсырғанын анықтап, солармен әңгіме жүргіземін».

5.                      «Әдетте староста мұндай әрекетке бармайды және т.б.»

6.                 Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

 Педагогикалық жағдаят №10

Елестетіп көріңіз, Сіз мұғалімсіз. Сіздің сыныбыңыздың оқушысы бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы болып сыныпқа спорт киіммен және төсбелгімен келді, алайда спорттық киімде сабаққа қатысуға рұқсат етілмейтін (дене шынықтыру сабағынан басқа) мектеп киім үлгісінің оқушыларға арналған өз ережесі бар. Сіз не істер едіңіз?

1. Мектеп ережесін бұзуына байланысты оқушыны киім ауыстырып келуге үйіне жіберемін.

2. Ондай киімде бір күн мектепте жүруіне рұқсат беремін, бірақ бұдан былай олай жасамауын ескертемін.

3. Мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін ақылдасу үшін оқушыны мектеп директорына апарамын.

4. Әкімшілік бөліміндегілерден және әріптестерімнен спортшының осындай киімде жүруіне рұқсат беруін сұраймын, себебі ондай образбен ол спортты насихаттайды, патриоттық сезім тудырады, сонымен қатар ол - біздің мектебіміздің мақтанышы.

5. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

 

  Педагогикалық жағдаят №11

Сіз 7”Б”-сынып  жетекшісісіз, 7 оқушыдан тұратын спорттық жарыстарға 7, 8, 9 сыныптардан дайындадыңыз. Жаттығу кезінде Сіз оларға әрдайым жеңесіңдер деп айттыңыз. Бірақ сіз ойлағандай болмады, Сіздің командаңыз ең соңғы орында болды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

1.               Команданың жеңілуіне  себепкер болған балаларды командадан бөліп аламын.

2.               Балаларға жаттығу кезінде жақсы дайындалмағанын айтамын.

3.               Балаларды тыныштандырып, оларға келесі жолы бізде бұдан да жақсы көрсеткіш болады деп айтамын.

4.               Талдау жасап,   балалармен бірге қорытынды жасаймын.

5. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №12

Бесінші сынып оқушысы Ахмет тақпақ пен әңгімелерді есінде нашар сақтайды. Тақтаға шығып бір-екі сөз айтып тоқтап қалатын. Сіз оның ерке екенін білесіз. Осы жағдайдағы әрекетіңіз:

1. Мектепте айтылған тапсырмалардың барлығын орындау керек екенін түсіндіріп айтамын.

2. Ойын толық жеткізуге мүмкіндік беремін.

3. Сабақтан соң алып қалып, бағасын жоғарылатуға мүмкіндік беремін.

4. Ахметті тыңдап болғаннан соң мадақтап, бұдан да жақсы дайындалып келетініне сенетінімді айтамын.

5. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят №13

Мұғалім жаңа сабақ түсіндіріп жатыр. Сәл уақыттан соң сынып оқушылары мұғалімді тыңдамай шулап кетті. Осы жағдайда мұғалім не істеу керек?

1. Көңіл аудармау керек.

2. Ескерту жасап, сабақты жалғастыру керек.

3. Оқушыларды тәртіпке шақыру керек.

4. Шулаған оқушыларды сыныптан шығарып жіберу керек.

5. Оқушыларды сабаққа қызықтыру керек.

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят №14

Физика сабағына оқушылар ешқандай дайындықсыз келді. Мұғалім өзін қалай ұстау керек?                                                                                                 

1.       Директордың орынбасарына бару керек.

2.       Оқушылардың барлығына екілік деген баға қою керек.

3.       Өткен тақырып бойынша бақылау жұмысын алу керек.

4.        Оқушылардың дайындалмай келген себебін анықтау керек.

5.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

  Педагогикалық жағдаят №15

Сізбен бірге жұмыс істейтін көрші жасақтың жетекшісімен қарым-қатынасыңыз бұзылды. Балалардың алдында кез келген жағдайда ол өз қатынасын білдіріп, сізге дөрекі сөйлейді. Бұл жағдайда не істеу керек? Сіздің әрекеттеріңіз:

1.       Балалардың алдында абыройын жоғалтпай, көргенсізді орнына қою керек.

2.       Лагерь бастығына шағымдану қажет, ол оның құзыретіне кіреді.

3.       Қарым-қатынасты түзеп, сол педагогпен шиеленісті шешіп, ымыраға келу.

4.       Оны ашық әңгімеге шақырып, қарым-қатынасты анықтау.

5.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

 

 

 

Педагогикалық жағдаят №16

Бірінші кезектің оқушылары белсенді, көңілді, бірақ екі қыз еш нәрсеге қатыспайды, еш нәрсе істегісі келмейді, оларда бір ғана қалау – «үйге қайту!».  Не істеу керек?

1.       Жауапты істі орындауға қосу арқылы олардың зейінін аудару.

2.       Оларды басқа жасаққа ауыстыру.

3.       Ультиматум қойып олардың бойкот жасауын ұйымдастыру: сіздер жылап болғанша біз үндемейміз.

4.       Қызықты тәрбиелі іс-шара ұйымдастырып өткізу.

5.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

  Педагогикалық жағдаят №17

 

Сынып жетекшісінің ескертулерінен кейін жеткіншек есікті қатты жауып сыныптан шығып кетеді.

   Сондай жағдайда сынып жетекшісі өзін қалай ұстауы тиіс?

1.            Үнсіз қалу, бірақ уақыты келгенде балаға әдепсіздік танытқанын және сіздің «қарызыңызды қайтару» мүмкіндігіңізді ескерту.

2.            Есікті жай жабуын талап етіп, балаға сөгіс айтып тез арада қайтару.

3.            Келесі күн баламен жайлап сөйлесу, өзінің ұстамдығы мен   лайықтылығын мысалға келтіріп, баланы ұялту.

4.            Ештеңе болмағандай кейіп таныту.

5.            Ата-аналар мәжілісін күтіп, ата-анасына ұлының тәрбиесі туралы шағым айту.

6.            Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №18

Мұғалім бір оқушының сабақта жиі «қатыспай», бірдеңені ойланып, бір нәрселерді қиялдап отыратынын байқайды.

      Не істеу керек?

1.       Ашық айту: «Сәуле сен әрдайым аспанда, қиялдап жүресің. Не болды?»

2.       Жаймен айту: «Сәуле жерге түс, біз Ом заңы туралы айтып жатырмыз.»

3.       Қызбен жеке сөйлесіп, оның сабаққа селқостығын анықтау.

4.       Қыздың сабақтан соң сізге келуін талап ету және бәрін анықтау.

5.       Қызға не болғанын білетін біреу бар ма деп,  сыныптастарынан және әріптестерінен сұрастыру.

6.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

 

  Педагогикалық жағдаят №19

 

Оқушы тәртіп бұзды. Мұғалім оған: «Күнделігіңді әкел!» - десе, оқушы оған: «Мен үйде ұмытып кеттім» - дейді. Не істеу қажет?

1.       «Үйде басыңды қалдырып кетпедің бе?» деп айту.

2.       Қатал түрде: «Онда үйіңе барып күнделігіңді ал да, ата-анаңмен бірге кел, мен олармен сөйлесейін» - деп айту.

3.        «Жарайды, кешірек мен сенің ата-анаңа қоңырау шалып, ертең сенің ұмытпай күнделікті әкелуіңді сұранам» - деп айту.

4.       Ескертіп: «Мен күмәндімін, кәне сөмкеңнің ішін көрсетші жоқ екенін», ашық түрде: «Күнделігің жоқ екен, онда жүр директорға барамыз» - деп айту.

5.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

  Педагогикалық жағдаят №20

Сабақ үстінде оқушы кенеттен сұрады: «Дана Мадиевна, Сіздің жалақыңыз қанша?» -деп сұрады.  Қалай жауап беру керек?

1.       Әзілдеу: «Бұл коммерциялық құпия».

2.       Шындықты айту: «Көп емес».

3.       Абыроймен жауап беру: «Көп те емес, аз да емес, бірақ өзіме жетеді».

4.       Сұраққа сұрақпен жауап беру: « Бұл сені не үшін қызықтырады?»

5.       Таңданыс білдіру: «Сұрағың қиын екен. Оңайырақ бірнәрсе сұрасаңшы».

6.       Сұрақты естімеген кейіп таныту.

7.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

 Педагогикалық жағдаят №21

Алина жиі сахнаға шығып тұрады, әртүрлі конкурстарға қатысады. Сахнаға шығу алдында, ойын барысында, Алина мынадай сөздерімен құрбыларына басшылық етуге тырысады. «Мен сендерден көбірек білем, мен сахнаға сендерге қарағанда көп шықтым. Сондықтан мен түлкінің рөлін ойнаймын.» Қыздар оған бағынбауға тырысады және тәрбиешіден көмек сұрауға барады. Бұндай жағдайда не істеу керек?

1.            Осы ойында, құрбыларының өздерін көрсетулеріне көмектесу үшін, қызға режиссердің рөлін ұсынуға болады. Олардың көріністері де мақтауға лайық екенін көрсету.

2.            Көркем шығармашылық кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын қарастыра отырып, баламен әңгіме жүргізу (мақтаншақтық, жолдастарына өкпелегіштік және т.б ) басқа қыздар, құрбыларының да осы рөлді ойнағысы келетінін түсіндіру

3.            Балаларды бір-бірімен ұрыспауға шақырып, рөлдерді жеребе салу көмегімен бөлу. Осылай әділетті болады.

4.            Негізгі түлкі рөліне кастинг ұйымдастырып, тәуелсіз қазылар алқасын таңдау.

5.            Осы проблеманы қалай шешуге болатыны жайлы балалардың өздерінен кеңес сұрау.

6.            Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

  Педагогикалық жағдаят №22

Сіздің тобыңыздағы бала өзін басқа топқа ауыстыруын сұрайды. Оны ешкім түсінбейді, бәрі ренжітеді және сіз де сол қатардасыз. Мұндай жағдайда не істеу керек?

1.       Баланың қалауын тез арада қанағаттандыру.

2.       Осы жағдайдың себебін анықтау.

3.       Оның ауысуын кідірте тұру және осы пайда болған жағдайдың бағдарламасын құру.

4.       Өзі кінәлі, оны өзі шешсін.

5.       Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

  Педагогикалық жағдаят №23

5”б” сыныбында бақылау жұмысын тексеру барысында мұғалім екі жұмыстың бірдей екенін анықтады. Қателері де біртектес. Негізінде оқушылар әртүрлі нұсқа орындауы тиіс еді. Мұғалімнің әрекеті:

1. Екі оқушыға да қанағаттанарлықсыз баға қояды.

2. Қосымша тағы да тексереді.

3. Жауаптары бойынша екеуіне де баға қояды.

4. Кім кімнен көшіргенін анықтауға кіріседі.

5. Баға кою барысында мұғалім кімнің жақсы оқитындығына назар аударады.

6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасына негіздеме беріңіз.

 

  Педагогикалық жағдаят №24

Жаңа тақырып түсіндіру барысында мұғалім Ахмет деген оқушының сабақты тыңдамай, зейін қоймай және өзгелерге кедергі жасап отырғанын байқады. Ол ескертулерді елемеді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оны тақтаға шакыру.

2. Күнделігіне «екі» қою.

3. Басқа партаға отырғызу.

4. Өз бетінше орындауға тапсырма беру.

5. Мән бермеу.

6. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

  Педагогикалық жағдаят №25

Арман үнемі үй тапсырмасын орындамай келеді. Мұғалім неге дайындалмағанын сұрағанда, ол жылап жіберді. Сіздің әрекетіңіз:

1. Оқушымен сөйлесіп, себебін анықтаймын.

2. Арманның достарымен сөйлесіп, себебін анықтаймын.

3. Ата-анасымен кездесіп, сөйлесемін.

4. Үй тапсырмасын орындауға Арманға көмектесемін.

5. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят  №26

 

Сіздің сыныбыңыздағы бір баланың өмірлік ұстанымы өзгеше. Төбелеседі, жаман сөздер айтады, дөрекі мінез көрсетеді және күш қолданады. Сіздің ескертулеріңізге, талаптарыңызға былай жауап берді: « Менің әкем ылғи да осылай жасайды». Сіздің әрекетіңіз?

1. Ата-анасымен сөйлесіп, жағдайды түзеуге тырысамын.

2. Өзге балалармен сөйлесіп, оның «жазасын» беруді сұраймын.

3. Оған кім қожайын екенін дәләлдеп, бетпе-бет сөйлесемін.

4. Жеке әңгіме өткізіп, бала тәртібінің себептерін анықтаймын.

5. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

  Педагогикалық жағдаят №27

 

Мұғалім өте жақсы оқитын қызға «екі» қойды. Мұның себебі - өзге дайындалмаған сыныптастарын қолдау мақсатында жауап беруден бас тартты. Ашулы әкесі мектепке келіп, өзінің наразылығын танытты және мұғалімнің түсініктемесін талап етті. Мұғалім не істеуі тиіс?

1. Сіз оқушының ата-анасымен сөйлесуден бас тартасыз, өйткені сіз өзіңіз ашулысыз.

2. Оқушының ата-анасына бұл екілік бағаның оның жалпы үлгеріміне әсер етпейтінін түсіндіресіз.

3. Дау-дамайды шешуге тырысасыз.

4. Екі-жақты мәмілеге келу

5. Өз  нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

 

 

 

  Педагогикалық жағдаят №28

 

Оқушы сурет салуға, құрастыруға және кескіндік бейне жасауға қызығушылық танытады. Оның фантазиялары керемет дамыған. Мұғалім бұл баланың ата-аналарына сурет мектебіне баруды ұсынды. Бірақ ата-аналары баласының спорт секциясына баруын қалайды. Мектепте бұл баланың достары аз. Шығрмашылық жұмыспен айналысуына өзге құрдастары көп кедергі жасайды. Осының салдарынан дау-дамайлар туындауда. Сыныптастары бұл баланы бірге ойнауға шақырады, бірақ ол олармен бірлесіп ойнаудан бас тартады. Бұл әлеуметтік-Педагогикалық жағдайды қалай шешуге болады?

1. Ата-аналарымен құрбы-құрдастары дұрыс бағалауы үшін,  баланың өзін-өзі бағалау дәрежесін қолдау мақсатында түрлі шығармашылық байқауларға қатысуға шакырады.

2. Ата-аналарымен жұмыс жасап, баласының қабілетін анықтауға көмектесу.

3. Ата-аналарды баланың пікірімен санасуға шақыру.

4. Спортпен бүкіл отбасы болып бос уақытта айналысуға болады.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.                    

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №29

Сізді бастауыш сынып оқушыларына жетекші етіп тағайындады. Шәкірттеріңізбен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз.

1. Бірінші кездесу жоспарын құру.

2. Бастауыш сынып оқушыларымен танысу, олардың қызығушылықтары мен жетістіктерін анықтау.

3. Мектеп жетістіктері мен ерекшеліктері туралы әңгімелеп беру.

4. Мектепте және мектеп ауласында саяхат ұйымдастыру.

5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.                    

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят №30

Сіздің сыныбыңызда сыныптастар бос уақытты бірге өткізгілері келмейтін, қарым-қатынас жасағылары келмейтін, өздерінің ортасына қоспайтын  бірнеше оқушы бар. Бұл немен түсіндіріледі?

1.                      Оқушылардың жағымсыз келбетімен.

2.                      Мұғалімнің оларға деген теріс қарым-қатынасымен.

3.                      Үлгермеушілік және нашар мінез-құлықтарымен.

Сіз тағы қандай себептерді атап айтар едіңіз? Жағдаятты түсіндіріңіз.