«Астана Профи» қалалық шаруашылық колледжі

Негізгі мәлімет

"Астана Профи" шаруашылық  қалалық колледжінің тарихы

 "Тұран-Профи қалалық шаруашылық колледжі" мекемесі

Колледждің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Акбуга к-сі 1/1.

Құрылған жылы: 2012 ж.

2020 жылы "Астана Профи"қалалық шаруашылық колледжі" мекемесі болып өзгертілді.

Колледж студенттері аудиториялық қормен толық қамтамасыз етілген, сабақтар бірінші және екінші ауысымда өтеді. Температура мен жарық режимі сақталады.

Колледж қарамағында бірқатар мамандандырылған кабинеттер бар: дәріс залдары - 9, тәжірибелік  және семинар сабақтарын өткізуге арналған дәрісханалар - 5, оқу зертханасы - 1, компьютерлік сыныптар - 2, дәнекерлеу цехы - 1, шеберхана - 1, әдістемелік кабинет - 1, спортзал, оқу залы.

Әскери – патриоттық жұмысты запастағы әскери басшы-аға лейтенант жүргізеді.

Кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен, экспонаттармен, стендтермен және мультимединалық жабдықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, оқушыларға "психологиялық жеңілдету" кабинеті; медициналық пункт ұсынылды.

Барлық кабинеттерде "ҚР Мемлекеттік рәміздері" стендтері безендірілді.

Колледжде техникалық  оқыту құралдары бар: проекторлар, интерактивті тақталар, музыкалық аппаратура және т. б.

Колледжде кітап қоры бар кітапхана бар: 14368 оның ішінде оқулықтар 5296, мемлекеттік тілде-2631; оқу-әдістемелік әдебиет – 8915, мемлекеттік тілде-1554; электрондық оқулықтар-157, мемлекеттік тілде-50. Оқу залы жұмыс істейді.

Колледжде штаттық психолог басқаратын психологиялық қызмет жұмыс істейді.

Асхана бар, онда колледж оқушылары ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, буфет жұмыс істейді.

Қажетті медициналық құралдармен медициналық пункт жұмыс істейді, медициналық қызмет көрсету студенттік емхананың базасында жүргізіледі.

Мамандарды даярлаумен білікті, жұмысқа қабілетті педагогикалық ұжым айналысады, олардың жалпы саны 32 адамды құрайды, оның ішінде штаттағы – 32 адам.
Жоғары және бірінші санатты оқытушылардың жалпы саны -10 адам, 2 санатты оқытушылар - 7 адам.
Педагогикалық жүктемені бөлу базалық білімге сәйкес жүзеге асырылады.
Оқытушылардың сапалық құрамы:
6-магистр;
9-жоғары санатты;
1-бірінші санатты
7-екінші санатты;
Жалпы білім беретін пәндер оқытушылары-16 ;
Арнайы және жалпы техникалық пәндер оқытушылары-8;
Дене тәрбиесі  оқытушысы-1.
АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы -1.